Осы жылы қазақстандықтар Google-дан нені көп іздеген?

0
277

Әлемдік іздеу желісі Google Қазақстанда 2020 жылы өзекті болған тақырыптардың топтамасын шығарды.

“Ең әйгілі іздеу” бағанында 1 орында “Коронавирус” сөзі тұр. Одан кейін екінші орында “онлайн мектеп”, үшінші орында “42500 еңбек kz”, және “Билим ленд” пен “Egov.kz” төртінші және бесінші орынға орналасқан.

“Жыл адамы” бағаны бойынша 1 орында Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі “Айсултан Назарбаев” тұр. Одан кейін тікұшақ апатынан қайтыс болған баскетболшы “Коби Брайант”. Үшінші орында Совет одағының және ресейлік актер “Михайл Ефремов”, ал төртінші және бесінші орында “Джо Байден” мен “Алексей Навальный” тұр.

“Жыл фильмі” бағаны бойынша бірінші орынға пандемияға байланысты 2011 жылы шыққан “Заражение” фильмі орналасқан. Екінші орында “Холодное сердце 2”, үшінші орында “Джентельмены”, төртінші орында “Паразиты” және 5 орында “После 2” фильмі орналасқан.

“Жыл сериалы”:

  1. Бумажный дом
  2. Элит
  3. Жестокий Стамбул
  4. Дочь посла
  5. Постучись в мою дверь

“Сатып алынған жыл заты”:

  1. ЖД билеты
  2. Авиабилеты
  3. Бассейн
  4. Дом в Алматы
  5. Пульсоксиметр

“…дегеніміз не?”:

  1. что такое бин?
  2. что такое пандемия?
  3. что такое есп?
  4. что такое iban?
  5. что такое кластер?

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз