Қазақстанда өткен тәулікте 747 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, елде жалпы 142 325 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
14 желтоқсан таңертеңгі ақпаратта 747 адам вирус жұқтырды. Оның ішінде ең көп тіркелгені ШҚО(78), Қостанай(74) және Павлодар(73) облыстарында. Бұдан бөлек 802 адам індеттен жазылып, барлығы 126 182 адамға жетті. Ал, 7 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 2145 адам өлді.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 998 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 041 бала бар.
Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 67
Алматы қаласы – 72
Шымкент қаласы – 4
Ақмола облысы – 71
Ақтөбе облысы – 10
Алматы облысы – 48
Атырау облысы – 58
Шығыс Қазақстан облысы – 78
Жамбыл облысы – 28
Батыс Қазақстан облысы – 41
Қарағанды облысы – 31
Қостанай облысы – 74
Қызылорда облысы – 7
Маңғыстау облысы – 10
Павлодар облысы – 73
Солтүстік Қазақстан облысы – 68
Түркістан облысы – 7
Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 76
Алматы қаласы – 7
Ақмола облысы – 85
Алматы облысы – 29
Атырау облысы – 9
Шығыс Қазақстан облысы – 280
Батыс Қазақстан облысы – 14
Қарағанды облысы – 19
Қостанай облысы – 195
Павлодар облысы – 38
Солтүстік Қазақстан облысы – 50
Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 17 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 51 адам. Осылайша елде пневмонияны 43 952 адам жұқтырып, 31 519 адам жазылған.