Қазақстанда 2200 адам коронавирустан қайтыс болды

0
196

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 6 және пневмониядан 4 адам қайтыс болды. Елде жалпы коронавирустан 2200 адам, пневмониядан 479 адам өлді.Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

22 желтоқсан таңертеңгі ақпаратта 739 адам вирус жұқтырып, оның ішінде 106 адам Нұр-Сұлтан қаласында. Індет жұқтырғандардың жалпы саны 147 975 адамға жетті. Бұдан бөлек 821 адам аурудан жазылып, барлығы 132 427 адамға жетті.

Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 106
Алматы қаласы – 80
Шымкент қаласы – 5
Ақмола облысы – 56
Ақтөбе облысы – 5
Алматы облысы – 40
Атырау облысы – 62
Шығыс Қазақстан облысы – 75
Жамбыл облысы – 10
Батыс Қазақстан облысы – 45
Қарағанды облысы – 34
Қостанай облысы – 65
Қызылорда облысы – 4
Маңғыстау облысы – 17
Павлодар облысы – 68
Солтүстік Қазақстан облысы – 62
Түркістан облысы – 5

Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 67
Алматы қаласы – 67
Ақмола облысы – 56
Ақтөбе облысы – 13
Алматы облысы – 22
Атырау облысы – 13
Шығыс Қазақстан облысы – 192
Жамбыл облысы – 18
Батыс Қазақстан облысы – 35
Қарағанды облысы – 36
Қостанай облысы – 117
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 124
Солтүстік Қазақстан облысы – 41
Түркістан облысы – 19

Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 190 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 119 адам. Осылайша елде пневмонияны 44604 адам жұқтырып, 32347 адам жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз