Мәжіліс және мәслихат сайлауы: Экзитпол нәтижесі жарияланды

0
322
Нұр-Сұлтан тұрғыны қаладағы 58 сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр. 10 қаңтар. 2021 жыл.

11 қаңтарға қараған түні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 00:00-ден өте мәжіліс және мәслихат сайлауының экзитпол нәтижесі шықты.

Сауалнама жүргізуге құқылы “Қоғамдық пікір” зерттеу институтының есебінше, парламентке “Нұр Отан”, “Ақ жол” және “Қазақстанның халық партиясы” (бұрынғы Қазақстанның коммунистік халық партиясы) өткен.

  • “Нұр Отан” – 71,97 пайыз;
  • “Ақ жол” – 10,18 пайыз;
  • Қазақстанның халық партиясы 9,03 пайыз;
  • “Ауыл” 5,75 пайыз;
  • ADAL3,07 пайыз.

Елде заң бойынша, парламентке жеті пайыз дауыс алған партиялар өтеді. Сайлаудың нәтижесі 11 қаңтарда жариялануы тиіс.

Қазақстанда сайлау алдында сауалнама жүргізуге ресми рұқсат алған жеті ұйым бар. Олар – “Қогамдык пікір” ұйымы, “Демократия институты” ғылыми-зерттеу қауымдастығы, “Нұр Отан” партиясы, “Еуразиялық интеграция институты”, “ШҚО анализ және болжау институты”, “Астана зерттеу” және “Құқық” қоғамдық қорлары.

10 қаңтарда Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліс пен жергілікті өкілді орган – мәслихаттар сайлауы өтті. Сайлауға оппозициялық күштер қатыстырылмады, оған тек елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын “Нұр Отан” партиясы мен билікшіл төрт партия қатысты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз