Қазақстанда мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс беру аяқталды

0
1,753

Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат сайлауы аяқталып, дауыс санау басталды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты дауыс беру бір сағатқа кеш бітті.

ОСК мәліметінше, республика бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істеген. 12 038 433 дана бюллетень таратылған. Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша тізімге кірген сайлаушылардың 63,1 проценті дауыс берген.

Өңірлер арасында:

  • Ақмола облысы – 72,8%,
  • Ақтөбе облысы – 57, 7%,
  • Алматы облысы –73,5 %,
  • Атырау облысы –  55,5%,
  • Батыс Қазақстан облысы – 61,5 %,
  • Жамбыл облысы – 72,2%,
  • Қарағанды облысы – 70,7%,
  • Қостанай облысы –  71,8%,
  • Қызылорда облысы – 72,7%,
  • Маңғыстау облысы – 54,0 %,
  • Павлодар облысы – 71,3%,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 75,5%,
  • Түркістан облысы – 65,8 %,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 72,4 %,
  • Алматы қаласы – 30,3%,
  • Шымкент қаласы –  56,5%,
  • Нұр-Сұлтан қаласы –45,1 %.

Дауыс беруге қатысудың алдын ала қорытындылары сағат 22.00-де хабарланады.

10 қаңтарда Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліске депутаттарды сайлау өтті. Дауыс беру елорда уақытымен 07:00-ден 20.00-ге дейін жалғасты. 

53 мемлекетте Қазақстанның шет елдердегі өкілдіктері жанынан 66 сайлау учаскесі ашылды. АҚШ пен Канададағы қазақстандық сайлаушылар дауыс беруді 11 қаңтар Нұр-Сұлтан уақытымен 07.00-де аяқтайды. 

Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын жеті күн ішінде 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін жариялайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз