Қазақстан эпидемиологиялық жағдай бойынша “сары” аймақта

0
412

Қазақстан коронавирус инфекциясының таралуы бойынша екінші күн қатарынан “сары” аймақта тұр. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау орталығы жариялады.

Облыстардың эпидемиологиялық жағдайы бойынша:

“Қызыл” аймақ: Атырау және Ақмола облыстары.

“Сары” аймақ: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары.

“Жасыл” аймақ: Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын 746 адам жұқтырды. Жалпы ел бойынша 163 019 адамға жетті. 411 адам індеттен айыққан, алайда 1 адам вирустан қайтыс болды. Жазылып шыққандардың саны 149 082 адамға, ал қайтыс болғандардың саны 2360 адамға жетті.

11 қаңтардағы мәлімет бойынша 23 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 11 921 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 5 608 адам стационарда, ал 17 890 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 272 адамның жағдайы ауыр, 54 адамның жағдайы өте ауыр және 45 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз