Сайлаудан кейін дезинфекция жасалмаған мектептерде сабақ онлайн өтеді

0
281

11 қаңтар Қазақстандағы мектептерде оқу жылының үшінші тоқсаны басталды. Сайлаудан кейін дезинфекциялық іс-шаралар аяқталмаған білім беру ұйымдарының оқушылары онлайн форматта оқитын болады. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

10 қаңтарда өткен сайлауда елдегі 7 мыңнан астам мектептің 5 522-сі сайлау учаскесі үшін пайдаланылған. Мектепке дейінгі 6 651 ұйымның 143-і, 644 орта білім беру ұйымының 215-і, 125 жоғары оқу орнының 53-і және 22 мектеп-интернаты мен спорт мектептері, 114 жоғары оқу орнының жатақханалары, сонымен қатар өзге білім беру ұйымдарында орналасқан 12 үйірме нысандары (мектеп оқушыларына арналған сарай, шығармашылық үйі, музыкалық мектептер) пайдаланылған.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №69 қаулысына сәйкес, сайлау учаскесі ретінде пайдаланылған білім беру мекемелерінде сайлау аяқталғаннан кейін залалсыздандыру шаралары ұйымдастырылады.

Дезинфекциялық іс-шаралардың аяқталған соң мектеп қабырғасында кезекші сыныптар мен 9,11 сыныптар үшін дәстүрлі форматтағы оқу процесі әр түрлі уақытта (бірінші немесе екінші ауысымда) басталады.

Дауыс беру процесін ұйымдастыруда пайдаланылмаған және дезинфекцияны аяқтаған ұйымдарда оқыту 2021 жылғы 11 қаңтарда мектеп қабырғасында (бірінші немесе екінші ауысымда) басталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз