Қазақстанда өткен тәулікте 1 430 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы 22 қаңтарда денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Бір күнде вирус жұқтырғандар ең көп Нұр-Сұлтан қаласы (231 адам) мен Павлодар облысында (235 адам) тіркелді.
Осылайша елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 173 842 адамға жетті:
- Алматы қаласында – 20 880 (+130),
- Нұр-Сұлтан қаласында – 20 810 (+231),
- Шығыс Қазақстан облысында – 19 710 (+41),
- Атырау облысында – 15 297(+111),
- Қарағанды облысында – 13 066(+75),
- Павлодар облысында – 11 249 (+235),
- Батыс Қазақстан облысында – 10 146 (+61),
- Солтүстік Қазақстан облысында – 9 878 (+91),
- Қостанай облысында – 9 003 (+125),
- Ақмола облысында – 8 853 (+163),
- Алматы облысында – 8 537 (+78),
- Шымкент қаласында – 5 771 (+14),
- Жамбыл облысында – 5 361 (+19),
- Түркістан облысында – 3 959 (+13),
- Маңғыстау облысында – 3 938 (+16),
- Ақтөбе облысында – 3 868 (+17),
- Қызылорда облысында – 3 516 (+10).
Айта кетейік өткен тәулікте 1 076 адам дерттен айықты, Қазақстан бойынша жалпы 157 597 адам коронавирустан сауығып шықты.