Бір аптада коронавирустан 64 адам қайтыс болды

0
179

5 ақпанда денсаулық сақтау министрлігі өткен аптада коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады.

25-31 қаңтар аралығында елде коронавирус инфекциясынан 64 науқас көз жұмды. Оның ішінде 23 адам Алматы қаласында қайтыс болған.

Павлодар облысында 8, Алматы мен Қарағанды облыстарында 6 адамнан, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында 4 адамнан, Ақмола облысында 3, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 2 адамнан, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында 1 адамнан көз жұмды.

Ресми ақпарат бойынша, пандемия басталғалы елде екі жарым мыңнан астам адам көз жұмды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз