СІМ: Сириядан тағы 12 адам оралды

0
287

4 ақпанда Қазақстан сыртқы істер министрлігі “Жусан” операциясы аясында тағы 12 азаматты Сириядан эвакуациялағанын хабарлады.

“Топ құрамында 4 ер адам, 1 әйел және 2 жетім баланы қосқанда барлығы 7 бала бар. Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі және мемлекет оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі” делінген СІМ хабарламасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз