Мьянмада бір ай ішінде 9000 рохинджалық көз жұмды

0
88

«Шексіз дәрігерлер» (Médecins Sans Frontières, MSF) хлықаралық ұйымның зерттеу нәтижелері бойынша 25-тамыз бен 24-қыркүйек аралығында Мьянмада 9 мыңға жуық рохинджалық азаматтар қайтыс болған, деп хабарлайды РИА Новости.

Халықаралық ұйымның зерттеу нәтижелері бойынша берген мәлімдемесінде «Бангладештегі босқындар лагерінде MSF халықаралық ұйымының жүргізген зерттеулері нәтижесінде тамыздың жиырма беесі мен қыркүйектің жиырма төртіне дейін Мьянманың Ракхайн штатында 9 мыңға жуық рохинджалық азамат қайтыс болған. Қайтыс болғандардың 71,1% зорлық-зомбылықтың әсерінен қаза тапқан. Оның ішінде, атап айтқанда 730 бала бес жасқа толмаған», делінген.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз