Қазақстанда өткен тәулікте 918 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл соңғы екі аптадағы ең аз көрсеткіштердің бірі. Елде жалпы 197 033 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
9 ақпан таңертеңгі ақпаратта 918 адам вирус жұқтырды. Оның ішінде ең көп тіркелгені Павлодар(208) облысы және Алматы(118) қаласында. Қалған аймақтардағы коронавирус жұқтырған адамдар саны 100-ге жетпейді.
Бұдан бөлек 1300 адам індеттен жазылып, барлығы 178 044 адамға жетті. Ал, 12 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 2613 адам өлді.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 26 380 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың ішінде 261 адамның жағдайы ауыр, 50 адамның жағдайы өте ауыр және 41 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 5 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 259 адам. Осылайша елде пневмонияны 48 318 адам жұқтырып, 37 730 адам жазылған.