Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 717 науқас тіркелді. Бір күнде дерттен 7 адам қайтыс болған, коронавирусқа ұқсас пандемияға 65 адам шалдыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Пандемия басталғалы елде 2 777 адам қайтыс болған.
Министрлік мәліметінше елде 19 304 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 340 пациент стационарда, 14 964 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- дертіне шалдыққандардың арасында:
• 243 адамның жағдайы ауыр;
• 42 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.