ДСМ: Коронавирус жұқтырған 231 науқастың жағдайы ауыр

0
236
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 899 науқас тіркелді. Бір күнде дерттен 9 адам қайтыс болған, коронавирусқа ұқсас пандемияға 65 адам шалдыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Пандемия басталғалы елде 2 837 адам қайтыс болған.

Министрлік мәліметінше елде 18 558 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 713 пациент стационарда, 13 845 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- дертіне шалдыққандардың арасында:
• 231 адамның жағдайы ауыр;
• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстанда өткен тәулікте 899 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 112
Алматы қаласы – 237
Шымкент қаласы – 9
Ақмола облысы – 55
Ақтөбе облысы – 39
Алматы облысы – 76
Атырау облысы – 41
Шығыс Қазақстан облысы – 34
Жамбыл облысы – 9
Батыс Қазақстан облысы – 71
Қарағанды облысы – 68
Қостанай облысы – 49
Қызылорда облысы – 4
Павлодар облысы – 52
Солтүстік Қазақстан облысы – 38
Түркістан облысы – 5

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 221669.

Қазақстанда өткен тәулікте 653 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 114
Алматы қаласы – 118
Ақмола облысы – 76
Ақтөбе облысы – 10
Алматы облысы – 75
Атырау облысы – 19
Шығыс Қазақстан облысы – 27
Жамбыл облысы – 18
Батыс Қазақстан облысы – 39
Қарағанды облысы – 45
Қостанай облысы – 65
Қызылорда облысы – 7
Павлодар облысы – 28
Солтүстік Қазақстан облысы – 12

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 204782.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз