ДДСҰ коронавирусты “пандемия” деп жариялағалы бір жыл өтті

0
139
ДДСҰ брифингі. Photo: news.wfsu.org

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір жыл бұрын коронавирустың жылдам жайылып бара жатқанын мәлімдеп, оны ғаламдық пандемия деп жариялаған. 

ДДСҰ-ның пандемия туралы мәлімдемесінен кейін көптеген елде кәсіпорындар тоқтап, миллиардтаған адамның өміріне әсер еткен шектеу шаралары күшіне енді.

“Алдағы күндері, апталарда коронавирус жұққандар мен одан қайтыс болғандар саны арта түседі. Біз ешқашан коронавирус пандемиясын бастан кешіріп көрген емеспіз және ауыздықтауға болатын пандемияны да көрген емеспіз” деп мәлімдеген еді сол кезде ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус.

АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, ғаламдық пандемия 2,6 млн адамның өліміне себепкер болған, 118 млн адамға коронавирус инфекциясы жұққан. Вирус жұқтырғандар саны ресми деректен әлдеқайда көп екені айтылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз