Сенатор: Университеттерге грант үлестіргенде “ұлттық” және “қатардағы” деп бөлу қисынсыз

0
392
Ақылбек Күрішбаев. Photo: Senate press service

11 наурызда өткен Сенат отырысында депутат Ақылбек Күрішбаев университеттерге мемлекеттік грант үлестіргенде “ұлттық” және “қатардағы” деп жікке бөлудің “қисынсыз” екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның үздік университеттері анықталды

Сенатордың сөзінше, қазір көптеген қарапайым университеттерде білім берудің сапасы “ұлттық” университеттерден кем емес және елде ЖОО-ның академиялық дербестігі заңды түрде қабылданған. Енді олардың дамуын кәсіби бәсекелестік анықтауы керек.

“Ұлттық университеттерге мемлекеттік білім беру гранттарының құнын жоғары қойып және оларға ерекше артықшылықтар жасап отандық жоғары білім беруде қос стандарт қалыптастыру түсініксіз, тіпті қисынсыз. Дамыған елдердегі университеттерде “ұлттық” немесе “ұлттық емес” деп бөлу және осы негізді мемлекеттік білім беру гранттарын әртүрлі белгілеу кездеспейді. Әңгіме университеттерді “ұлттық” мәртебеден айыру туралы емес екендігін атап өткім келеді. Бірақ жоғарыда айтылғандарға байланысты барлық жоғарғы оқу орындары үшін мемлекеттік білім беру гранттарының құнын “ұлттық” университет деңгейіне дейін көтеруді және қатардағы университет оқытушыларының жалақысын солардың деңгейімен теңестіру туралы мәселені әділетті қарап шешу қажет деп есептейміз”, – деді депутат Күрішбаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз