Өткен тәулікте 1011 адам коронавирус жұқтырып, 7 адам қайтыс болды

0
256

14 наурызда Қазақстанда 1011 адамнан коронавирус табылды. 9 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 5 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 15 наурыз таңертең хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан (157) және Алматы (342) қалаларында тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 224 731 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 7 айға жуық уақыт ішінде 49 810 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 655 адам қайтыс болған. 45 069 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 19129 адам (оның ішінде 4086 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 231 адамның жағдайы ауыр, 51 науқастың жағдайы өте ауыр. 38 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз