Қазақстандық диджей Grammy сыйлығының жеңімпазы атанды

0
176
Imanbek (Иманбек Зейкенов)

14 наурызда қазақстандық диджей Imanbek (Иманбек Зейкенов) Grammy сыйлығын жеңіп алды. Америкалық рэпер Saint Jhn-ның “Roses” композициясына жасаған Иманбектің ремиксі үздік деп танылған.

“Анама, әкеме, командама, менеджер Кирилге рахмет! “Грэммиге” рахмет!” деді Иманбек Зейкенов “Ең үздік ремикс” номинациясының жеңімпазы анықталғаннан кейін.

63-ші Grammy сыйлығын табыстау 14 наурызда рәсімі онлайн өткен.

Иманбек Зейкенов Павлодар облысының Ақсу қаласында теміржолшы болып жұмыс істеген. 2016 жылы шыққан “Roses” әніне 2019 жылы ремикс жасаған.

Өткен жылы америкалық New York Times газеті 19 жастағы Imanbek туралы мақала басқан. Ол Grammy ұтқан алғашқы қазақстандық атанды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз