Алматы іргесінде ұшақ құлап төрт адам қаза тапты (видео)

0
1,207
Photo: Tengrinews

13 наурызда Алматы түбінде алты жолаушы мінген ұшақ құлады. Алдын ала мәлімет бойынша құлаған – Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің ұшағы. Нақтыланбаған мәліметке қарағанда, ұшақта болғандардың төртеуі қаза тапқан, екеуінің жағдайы ауыр.

Алматы әуежайының Tengrinews агенттігіне хабарлауынша, “Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан Алматы бағытымен ұшқан АН-26 ұшағы қону кезінде құлаған”.

“Сағат 17:20-да байланыс үзілді. Бірден дабыл қақтық. Біздің барлық қызметіміз оқиға орнына жетті. [Ұшақ] ұшу-қону жолағына жетпей құлаған” делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ұшақ апаты Алматы облысы Қызылту ауылының маңында болған.

Әлеуметтік желіде ұшақтың құлаған сәтін көрсететін видеолар тарады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз