Қазақстандықтар “Елбасы медалімен” марапатталды

0
650

Кейінгі аптада Қазақстанның барлық өңірінде “Елбасы медалінің” қола деңгейіне қатысушыларды мараппаттауға арналған салтанатты іс-шаралар өтіп жатыр.

Жеңімпаздар саны бойынша Алматы (384) және Шығыс Қазақстан (340) облыстары көш бастады. Нұр-Сұлтан қаласынан 165 қатысушы жеңімпаз атанды.

6 ай бойы өзін-өзі дамытумен айналысқан жастарды марапаттау Нұр-Сұлтан қаласындағы оқушылар сарайында өтті.

“”Елбасы медалі” жобасына қатысып, бұл керемет тәжірибе болатынын жақсы түсіндім, бірақ жобаға қатысу менің өміріме қаншалықты әсер ететінін елестете алмадым. Жобада мен “Еріктілік”, “Кітап оқу”, “Дарын мен дағды” бағыттары бойынша алға қойған мақсатыма қол жеткіздім. Жобаға алғысым шексіз! Жаңа қырларымды аштым, бұған дейін айналысқан қызығушылықтарыма жаңаша көзқарас пайда болды. Ең бастысы мен жаңа достар таптым! Олардың барлығы белсенді, қызықты, идеялы және жарқын жандар”, – деді өз әсерімен бөліскен жоба қатысушысы Жарас Жеңісов.

“Елбасы медалі” – Қазақстандағы ең ауқымды challenge бағдарлама. Оған қатысуға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар шақырылады. Қатысушылар қола, күміс немесе алтын деңгейді таңдап, 6 айдан 18 айға дейінгі бағдарлама талаптарын орындауы керек. Осы уақыт аралығында олар өз дағдыларын 7 бағытта дамытады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, туристік саяхат және еңбек тәжірибесі.

 

“Елбасы медалі” бағдарламасы 2020 жылы елдің барлық өңірлерінен 11 мыңнан астам қатысушыны қамтыды. Қатысушылардың жалпы санының 23%-ы ауыл балалары. Соның ішінде 3 535 адам қола деңгейін сәтті аяқтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз