15 наурыздағы онлайн брифингте Алматыда коронавирустың күн санап артып келе жатқанын айтқан қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қандай жағдайда толық карантин жарияланатыны туралы хабарлады.
“Қазіргі уақытта бізде сыйымдылығы 40% -дан аспайтын 3400 адамдық орын бар. 7 мың артық орын болған, бірақ резерв те таусылуы мүмкін. Егер күніне 5 мың науқас ауруханаға түссе, онда бір инкубациялық кезеңде барлық төсек толып қалады. Бұған жол беруге болмайды. Егер күніне ауруханаға 300 науқас түссе қалада локдаун жарияланады. Бір шара қолданбасақ, қаланы толығымен жабу керек болады. Әлі кеш емес, қолайлы сәтті жіберіп алуға болмайды”, – деді Бекшин.
Бас санитар локдаун болса сауда орталықтарының жұмысы шектелетінін, қоғамдық тамақтану, сауда және қызмет көрсету салаларына тыйым салынатынын жеткізді.