Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында бүгінгі күні нақты 19 375 адам коронавирустан ем қабылдауда.
16 наурыздағы мәлімет бойынша 20 мыңға жуық адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 3926 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 5 163 адам стационарда, ал 14 212 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 239 адамның жағдайы ауыр, 51 адамның жағдайы өте ауыр және 36 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Қазақстанда өткен тәулікте 954 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Ал 539 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұдан бөлек коронавирустан 9 адам қайтыс болды.