Қазақстан құрамасы Euro2022 1/8 финалына шықты

0
143

6 сәуір күні Қазақстан құрамасы Футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі төртінші ойында Венгрия құрамасын жеңіп, Euro2022 турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алды.

Будапештте өткен ойында Қазақстан құрамасы Венгрияны 1-6 есебімен ұтты.

Матч Будапешт қаласындағы “Амалиа Стербински” спорт кешенінде өтті.

Ойын басталысымен тізгінді қолға алған қазақстандықтар бірінші таймда жауапсыз төрт гол соқты(Есенаманов 5; Валиуллин 9; Тайнан 10; Нодь(аг) 15;).

Екінші таймның үшінші минутында есепті еселеп бесінші голды Дуглас Жуниор соқты. Алайда Венгрия құрамасы оған жауап ретінде ойынның 25 минутында алғашқы голдарын соқты. Матч аяқталуына 7 минут қалғанда Акбаликов гол соғып есепті 6:1 жеткізді.

Осылайша Каканың (толық аты – Па́улу Рика́рду Фиге́йра Си́лва) жаттықтыруымен қазақстандықтар 12 ұпаймен топта бірінші орында тұр.

Қазақстан бесінші топта Венгрия, Беларусия және Израиль құрамаларына қарсы ойнайды.

Қазақстан топтағы қалған екі ойынын Израиль құрамасына қарсы 9 және 11 сәуір күндері өткізеді.

Еуро 2022 турнирі Голандия елінде 2022 жылдың 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтеді. Турнирдің финалдық кезеңінде әдеттегідей 12 емес, 16 құрама бақ сынасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз