Тоқаев “Спутник V” вакцинасын салдырды

0
217
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: akorda.kz

6 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған ресейлік “Спутник V” вакцинасын салдырды. Бұл туралы президент баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-та хабарлады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев: қазақстандық вакцинаны салдырамын

Уәли президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы екенін, ешқандай жанама әсері болмағанын жазды.

“Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді.

Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы”, – деп хабарлады Берік Уәли.

Айта кетейік, президент Тоқаев біраз уақыт бұрын отандық вакцинаны салдыратынын айтқан.

“Отандық вакцинаның тестілеуі оң нәтиже көрсетеді деген үміттеміз. Мұндай жағдайда мен қазақстандық вакцинаны салдырамын”, – деген еді президент 26 қаңтардағы үкіметтің кеңейтілген отырысында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз