7 сәуірде Қазақстанда коронавирус жұқтырған 2586 науқас тіркелді. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының хабарлауынша, елде алғаш рет бір күнде осыншама көп науқас тіркелген.
Алматыда бір күнде 710 науқас анықталған. Бұл да бұрын-соңды тіркелмеген жоғары көрсеткіш. Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтан (578) мен Алматы облысында да (325) науқастар күрт көбейген.
Қарағанды облысында – 160, Атырау облысында – 137, Батыс Қазақстан облысында – 125, Ақтөбе облысында – 117, Ақмола облысында – 98, Шымкентте – 81, Шығыс Қазақстан облысында – 55, Маңғыстау облысында – 43, Жамбыл облысында – 39, в Қостанай облысында – 33, Павлодар облысында – 28, Қызылорда облысында – 22, в Түркістан облысында – 19, Солтүстік Қазақстан облысында 16 науқас тіркелген.
Жоғарыдағы статистикаға коронавирус пневмониясына шалдыққандар енгізілмеген.
Министрлік мәліметінше, 6 сәуірде елде 100 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 42-ісі – Алматы облысының үлесіне келеді. Ведомство сонымен бірге сейсенбі күні коронавируспен байланысты 20 адам өлімі тіркелгенін хабарлады. 15-інің ПТР тесті оң болған.
Пандемия басталғалы бері 261 503 адамның коронавирус тесті оң шыққан.