12 сәуір таңертеңгі ақпаратта 2290 қазақстандықтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР тесті арқылы расталды. Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың төмендеуіне байланысты “қызыл” аймақтағы өңірлер саны артуда.
Қазір “қызыл” аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары бар.
“Сары” аймақта Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Мааңғыстау, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
Ал, “жасыл” аймақта тек қана Түркістан облысы. Шығыс Қазақстан облысы “жасыл” және “сары” аймақтың ортасында.
Қазақстанда өткен тәулікте 2290 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Аймақтар бойынша:
- Алматы қаласы – 610
- Нұр-Сұлтан қаласы – 398
- Алматы облысы – 283
- Қарағанды облысы – 205
- Батыс Қазақстан облысы – 118
- Атырау облысы – 110
- Ақмола облысы – 108
- Ақтөбе облысы – 105
- Шымкент қаласы – 53
- Жамбыл облысы – 53
- Павлодар облысы – 48
- Маңғыстау облысы – 37
- Солтүстік Қазақстан облысы – 36
- Қызылорда облысы – 35
- Шығыс Қазақстан облысы – 33
- Қостанай облысы – 31
- Түркістан облысы – 27
Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 271 809 адамға жеткен.
Бір күнде 15 адам коронавирустан көз жұмды.
Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 9 айға жуық уақыт ішінде 51399 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 727 адам қайтыс болған. 50102 адам жазылған.
Қазір коронавирустан 34 478 адам (оның ішінде 570 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 569 адамның жағдайы ауыр, 170 науқастың жағдайы өте ауыр. 109 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған