Балқаш көлі Аралдың тағдырын қайталауы мүмкін

0
868
Балқаш көлі. Қазақстан. Photo: NASA

Ғалымдар Қазақстандағы ең үлкен көлдің бірі Балқаш 2050 жылға дейін Қытайдың көл суын шамадан тыс пайдалануынан Арал секілді тартылып қала ма деп алаңдайды. 

Oxford университеті зерттеушілерінің жариялаған мақаласында, 600 шақырымға созылып жатқан жарты ай тәріздес Балқаш көлінің тартылу қаупі бар. Егер Қытай суару саясатын өзгертпесе, Қазақстанның ең ірі тұщы су көздерінің бірі 2050 жылға қарай толық тартылуы мүмкін.

Балқаш көлінің батысында тұщы, шығысында тұзды су қорының болуы әлемде жоқ ерекшелік.

Зерттеушілердің сөзіне қарағанда Балқаш көлінен үміт үзуге әлі ерте. Климаттың әртүрлі ықтимал өзгерістерін ескеретін жүздеген үлгілерге сәйкес, көл тартылуының алдын алу әдісі бар. Бірақ ол әдіс Қытаймен тікелей байланысты.

Қытай көл суын тұтынуды едәуір арттырды

Көлге суды Шыңжаң аймағындағы Қытай тауларынан ағатын өзендер құяды. Балқаш көлі суының 80 пайызын Іле өзені тасиды.

Бірақ Қытай он жылдан бері Балқашқа құятын судың бір бөлігін күріш пен мақта алқаптарын суару үшін пайдаланып келеді. 1995-2015 жылдар аралығында шекараның Қытай жағындағы егістік жер 30 пайызға артқан.

Әлемнің осы бөлігінде жаһандық жылынуға байланысты су ресурстарын басқару үлкен маңызға ие. Ғалымдардың айтуынша, қазіргі уақытта Іле өзенінің ағысымен Балқаш көліндегі су деңгейін ұстап тұру қиын.

Балқаш көлінің картасы. Photo: Euronews

Балқашты қорғау үшін Қытай көл суын пайдалануды азайтуы керек

Oxford университеті зерттеушілерінің пікірінше, Балқаш көлін тартылудан сақтау үшін Қытай көл суын пайдалануды айтарлықтай азайтуы керек. Балқаш көлін Нұр-Сұлтан мен Пекин арасында келіссөз жүргізу арқылы ғана сақтап қалуға болады.

Қытай бұл аймақта суды аз пайдаланатын әдістерге көшуі керек. Алайда Пекин қазіргі уақытта мақта алқаптары және тоқыма фабрикаларындағы ұйғырлар еңбегін асыра пайдаланып отыр деп айыпталған Шыңжаңдағы ауыл шаруашылық жағдайын бүркемелеп отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз