Коронавирус: “Қызыл аймаққа” тағы бір өңір қосылды

0
638

15 сәуір таңертеңгі ақпаратта “қызыл аймаққа” Шымкент қаласы кірді. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы хабарлады

Одан бөлек Нұр-Cұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары коронавирустың таралуы бойынша “қызыл аймақта”.

Қазақстанда өткен тәулікте 2641 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Оның ішінде ең көп Нұр-Сұлтан (650) және Алматы (657) қалаларында тіркелді. Ал қалған “қызыл аймақтағы” өңірлерде:

  • Шымкент қаласы – 111
  • Ақмола облысы – 85
  • Ақтөбе облысы – 109
  • Алматы облысы – 220
  • Атырау облысы – 113
  • Батыс Қазақстан облысы – 117
  • Қарағанды облысы – 202

Бұдан бөлек 2002 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Ал коронавирустан 20 адам қайтыс болды.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 278 695 адамға жеткен.

Жалпы Қазақстан Республикасы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты “қызыл аймақта”.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз