Қазақстанда жарты миллионнан астам адамға вакцина салынды

0
175
Денсаулық сақтау вице министрі әрі елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовқа вакцина салып жатыр. 1 ақпан, 2021 жыл. Нұр-Сұлтан қаласы, 6-шы аурухана.

Бейсенбі күні денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда 505,5 мың адам “Спутник V” вакцинасының бірінші дозасын алғанын хабарлады. Бұл халықтың 2,6 пайызы. Екпенің екі дозасы 108 мың адамға (0,8 пайыз) салынған. 

Сәрсенбіде елде 70 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы егілген. Бұл вакциналау басталғалы бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Photo: Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі.

Елде ең көп екпе алғандар тіркелген Алматыда вакцина салдырғандар саны 100 мыңнан асқан. Қазақстандағы ең ірі қалада вакцинаның бірінші дозасы 107 мыңнан (қала халқының 5,4 пайызы) астам адамға салынған. Вакцина алғандар саны жөнінен екінші орында Алматы облысы тұр. Мұнда 59 мыңнан астам адамға салынған.

Қазақстанда вакциналау науқаны 1 ақпанда басталған. Бірінші кезекте екпе дәрігерлерге салынды. Жақында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екпе науқаны сылбыр жүріп жатыр деп, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жұмысын сынға алған. 

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус пневмониясын қосқанда 330 мыңнан астам адамнан Covid анықталған. 4 мыңнан астам адам қайтыс болған. Қазақстан Орталық Азияда науқастар мен коронавируспен байланысты адам өлімі көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз