Байден: Америкалық сарбаздардың үйге қайтатын кезі келді

0
368
АҚШ президенті Джо Байден.

14 сәуірде АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстаннан Америка әскерін әкететінін хабарлады.

 “Біз Ауғанстанға 20 жыл бұрын жексұрын шабуылдан кейін әскер кіргіздік. Алайда бұл жайт та ол жақта әскер қалдыру себебін түсіндіре алмайды. Мен Ауғанстандағы Америка әскеріне жетекшілік ететін Американың төртінші президентімін және ол жауапкершілікті бесінші президентке тастап кеткім келмейді. Америка тарихындағы ең ұзақ соғыстардың біріне нүкте қоятын мезгіл жетті. Америкалық сарбаздардың үйге қайтатын кезі келді” деді сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде Байден. 

АҚШ әскери қызметкерлерінің соңы Ауғанстаннан 11 қыркүйекке таман кетеді.

2011 жылы АҚШ-тың Ауғанстандағы әскері 100 мыңнан асқан, ал қазір шамамен 2,5 мыңды құрайды. НАТО елдерінің әскери контингенті он мыңға жуықтайды.

Ауғанстандағы қақтығыс кезінде 2,5 мыңға жуық америкалық сарбаз қаза болған, ал АҚШ соғысқа шамамен 2 триллион доллар жұмсаған.

Дональд Трамп әкімшілігі Америка әскерін Ауғанстаннан 2021 жылдың 1 мамырына дейін әкететінін хабарлаған. Ал Джо Байден командасы бұл мерзімді сәл шегеріп, Америка әскерін бірден әкету қауіпсіз емес екенін ескерткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз