Түркітілдес елдердің футбол федерациялары меморандумға қол қойды

0
194

14 сәуір күні түркітілдес елдердің футбол қауымдастықтары ынтымақтастық меморандумға қол қойды. Пандемияға байланысты жиын бейнеконференция форматында өтті.

Azerisport.com сайтының хабарлауынша, меморандум федерациялар арасындағы өзара ынтымақтастықты кеңейтуді, футболды дамыту бойынша кешенді іс-шаралар өткізуге байланысты тәжірибе алмасуды және басқа да бірқатар мәселелерді қамтиды.

Құжатқа Әзербайжан футбол федерациясы (АФФ), Түркия футбол федерациясы (ТФФ), Венгрия футбол федерациясы (ВФФ), Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ), Қырғыз футбол одағы (ҚФО), Түрікменстан футбол федерациясы (ТФФ) және Өзбекстан футбол федерациясы (ӨФФ) қол қойды.

Түркітілдес елдер құжатқа Венгрия және Түркі кеңесі арасында түркітілдес елдерді біріктіретін құрылым ретінде қол қойған. Мысалы, мұндай ынтымақтастықты құжатқа қол қойған елдердің құрамалары арасында турнир өткізуде, қатысушылар құрамының тепе-теңдігі үшін түркітілдес халық көп шоғырланған Иран, Ресей және Грузия секілді елдерден шақырылған бірнеше команда пайдалана алады.

“Турнирлер негізгі құрамалар деңгейінде ғана емес, клуб деңгейінде де өткізілуі мүмкін. Сонымен қатар, тек ересектер емес жастар арасында жарыстар ұйымдастырылмақ. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру айтарлықтай қаржыны талап етеді. Егер ынтымақтастық негізінде қажетті шығындар тең бөлінсе кез келген тарап үшін ыңғайлы болмақ”, – дейді ұйымдастырушылар. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз