Кейінгі күндері Үндістандағы эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады. Елде коронавирустан қайтыс болғандар саны артты, денсаулық сақтау жүйесі құлдырап, ауруханалар мен крематорийлерде орын қалмады.
Нью-Делиде ковидтен қайтыс болған адамдардың мәйітін көшеде өртеп жатыр. Ауруханаларда төсек пен оттегі аппараттар таусылғандықтан науқас қабылдамайды.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, қазіргі уақытта Үндістанда 17 миллионға жуық адам коронавирус жұқтырған. 192 мыңнан астам адам қайтыс болған.