Назарбаев ҚХА төрағасы лауазымын Тоқаевқа тапсырды

0
204
Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев.

28 қаңтарда өткен Қазақстан халқы ассамблеясының 29-сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА төрағасы лауазымын Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды.

“Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы Конституциялық заңға, Ассамблея туралы заңға сәйкес маған ҚХА төрағасы лауазымын өмір бойы атқару құқығы берілген. Жалпы, мен сіздермен барлық уақытта бірге боламын әрі одан бас та тартпаймын. Дегенмен, Ассамблеяны басқаруға қатысты бірқатар құзірет еліміздің президентіне жүктелген. Тіпті, бұл да маңызды емес. Қазақстан халқы Ассамблеясы тірек ретінде іс басындағы президенттің жанында тұруы тиіс және екінші жағынан мемлекет басшысы да Ассамблеяға арқа сүйейді. Сондықтан мен Ассамблеяны басқару құқығымды президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдадым”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз