Нұр-Сұлтан БИЛ оқушылары әлемнің озық оқу орындарынан шақырту алды

1
610
Оңтүстік Кореядағы "UNIST" университетіне грантпен оқуға шақырту алған БИЛ оқушылары: Бексұлтан Әбдікәрімов, Феттулах Сам және Марлен Раушанов.

Білім олимпиадаларында үздік нәтиже көрсеткен дарынды ер балаларға арналған Нұр-Сұлтан “Білім-инновация” лицейінің оқушылары Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың озық оқу орындарына шақырту алды.

Оқи отырыңыз: Қазақ бала Кембридж университетінен шақырту алды

Жәутіков атындағы математика, физика және информатика пәндері бойынша халықаралық  олимпиадада Нұр-Сұлтан намысын 24 үміткер қорғаған болатын. Пандемияға байланысты онлайн форматта өткен жарысқа әр елден келген 900 оқушы қатысты. Жарыстан жүзден жүйрік шыққан БИЛ оқушылары көш бастады.

Білім жарысынан Бексұлтан Әбдікәрімов , Марлен Әбдікәрімов  және Феттулах Сам күміс медаль иеленді. Оқушылар Оңтүстік Кореядағы “UNIST” университетіне грантпен оқуға шақырту алды. Бұл университет әлем бойынша 176-шы орынды иеленеді, ал Азия бойынша 32-ші орында тұр.

Аскер Дурсунов  және Майдан Нұрсұлтан АҚШ-ғы “Arizona State” университетіне грант ұтып алды. Аталмыш екі университет әлем бойынша үздік білім ордаларының қатарына кіреді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандық оқушылар БИЛ-ға емтихан тапсырды

“2020-2021 оқу жылында дарынды ер балаларға арналған “Білім-инновация” лицейінің оқушылары қалалық олимпиададан – 16, республикалық олимпиададан – 13, халықаралық олимпиададан – 9 орын иеленді. 2020 жылдың 9-10 желтоқсанында Бразилияның Ново-Гамбург қаласында 752 оқушы қатысқан ғылыми жобалар сайысы онлайн форматта өтті. Сайысқа үміткерлер 35 елден қатысты. Соның ішінде Қазақстан да бар. Білім додасында “Білім-инновация” лицей оқушылары көш бастап, жүлделі орындарға ие болды”, –  деп хабарлады мектеп әкімшілігі.

1 ПІКІР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз