Коронавирустан жазылғандар саны 280 мыңнан асты

0
129

Қазақстанда өткен тәулікте 1758 адам коронавирус инфекциясынан жазылып, елде жалпы 280 342 адам індеттен емделді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

3 мамыр таңертеңгі ақпаратта 2496 адам вирус жұқтырып, 16 адам індеттен қайтыс болған. Вирус жұқтырғандардың саны 327 995 адамға, ал қайтыс болғандар саны 3733 адамға жетті.

Жалпы 44 374 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 454 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 15 476 адам стационарда, ал 28 898 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 762 адамның жағдайы ауыр, 197 адамның жағдайы өте ауыр және 112 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Бұдан бөлек елде 1 378 495 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын ектірген. Ал екінші компонентін 312 197 адам ектірген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз