Коронавирус жұқтырғандардың тәулік көрсеткіші азайды

0
185

Қазақстанда өткен тәулікте 2076 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. 10 адамнан пневмония табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Қазақстанда соңғы бірнеше аптадағы коронавирус жұқтырғандардың тәулік көрсеткіші азайды. 4 мамыр таңертеңгі ақпаратта 2076 адам вирус жұқтырып, 1366 адам індеттен жазылды. Ал, 29 адам вирус салдарынан қайтыс болды. Жалпы вирус жұқтырғандардың саны 330071 адамға, жазылғандардың саны 281708 адамға, ал қайтыс болғандар саны 3762 адамға жетті.

Барлығы 45 012 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 411 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 15 517 адам стационарда, ал 29 495 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 770 адамның жағдайы ауыр, 192 адамның жағдайы өте ауыр және 130 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Бұдан бөлек елде 1 422 204 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын ектірген. Ал екінші компонентін 347 474 адам ектірген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз