Нұр-Сұлтанда қытайлық “Sinopharm” вакцинасын егу басталады (видео)

0
178
Нұр-Сұлтандағы екпе алу пункті.

6 мамырдан бастап астаналықтарға қытайлық “Sinopharm” вакцинасын егу басталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов онлайн брифинг кезінде айтты.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы қытайлық вакциналар туралы не білеміз

Мұратовтың айтуынша қоймаларға “Sinopharm” вакцинасының 7400 дозасы келіп түскен. Бұл вакцина халыққа таңдау ретінде ұсынылады. Екпені тек қана медициналық ұйымдардан алады. Басқарма басшысы “Спутник V” вакцинасының 30 мыңнан астам және отандық “QazVac” вакцинасының 1000 дозасы қалғанын атап өтті.

Брифингте сөз сөйлеген қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордадалықтардың 9,9 пайызы (118 мыңнан астамы) вакцинаның бірінші дозасын қабылдағанын айтты. Екпенің екінші компонентін халықтың 2,9 пайызы (34 мыңнан астамы) қабылдаған.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда екпе алу аймақтары 36-дан 100-ге дейін артқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз