Қазақстанда өткен тәулікте соңғы бір айдағы төмен көрсеткіш тіркеліп, 1766 адамнан коронавирус инфекциясы, 7 адамнан пневмония табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Қазақстанда соңғы бірнеше аптадағы коронавирус жұқтырғандардың тәулік көрсеткіші азайды. 11 мамыр таңертеңгі ақпаратта 1773 адам вирус жұқтырып, 2377 адам індеттен жазылды. Ал, 25 адам вирус салдарынан қайтыс болды. Жалпы коронавирус жұқтырғандардың саны 346 497 адамға, жазылғандардың саны 301 857 адамға, ал қайтыс болғандар саны 3948 адамға жетті.
Барлығы 41 094 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 402 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 15 068 адам стационарда, ал 26 026 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 802 адамның жағдайы ауыр, 186 адамның жағдайы өте ауыр және 105 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Бұдан бөлек елде 1 698 893 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын ектірген. Ал екінші компонентін 625 753 адам ектірген.