17 мамыр таңертеңгі ақпаратта 1 844 938 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды. Вакцинаның ІІ компонентін 759 059 адам алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Бұдан бөлек министрлік мәліметінше 2089 адам вирус жұқтырып, 19 адам қайтыс болды. 1738 адам індеттен айыққан. Коронавирус пневмониясын 20 адам жұқтырып, 6 адам қайтыс болды. Пневмониядан 83 науқас емделіп шықты.
Қазіргі таңда 38 888 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 14 295 пациент стационарда, 24 593 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастардың ішінде 820 адамның жағдайы ауыр, 185 адамның жағдайы өте ауыр және 106 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.