Қазақстанда коронавирустың “үндістандық штамы” анықталды

0
149
Photo: The Economic Times

Қазақстанда коронавирустың “үндістандық штамға” ұқсайтын мутациясы анықталды. Түпкілікті қорытынды сынақ аяқталғаннан кейін белгілі болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

“Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар деңгейінің күрт артуына байланысты денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққандардан алынған оң сынақ үлгілерге ПТР скрининг жүргізген. Скринингтің нәтижесі бойынша, “Дельта” (үндістандық штамм) штамына ұқсайтын мутация анықталды” делінген министрлік хабарламасында.

Мутацияның “Дельта” екендігін-еместігін ДНҚ-үлгілеріне толық геномды секвенирлеу жасалғаннан кейін анықталады.

Вирустың үндістандық штамы SARS-CoV-2 вирусының төртінші нұсқасы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны ғаламдық деңгейде алаңдаушылық тудыратын штамдар тізіміне енгізген. Бұл тізімге вирустың тез жұғатын, ауруды асқындырып жіберетін және вакцина мен дәрі-дәрмекке бой бермейтін түрлері енген. Үндістандық штамм 70-тен астам елде анықталған. Бұған дейін аталған штамның Қазақстан көршісі Ресейде де анықталғаны хабарланған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз