Ресей елшісі АҚШ-қа қайта оралды

0
138
Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов. Photo: ria.ru

20 маусым күні таңертең Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов Мәскеуден Нью-Йоркке ұшты. Ол АҚШ-қа үш ай үзілістен соң оралды.

АҚШ пен Ресей арасы ушыққан кезде елші Антонов Мәскеуге шақыртылған.

Сәуірде Ресей билігінің ұсынысымен АҚШ елшісі Джон Салливан да өз еліне қайтқан.

Елшілерді дипөкілдікке қайтару туралы келісім АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путиннің 16 маусым күнгі кездесуінде жасалды.

Антонов дүйсенбіден бастап Вашингтоннан жұмыс істей бастайды.

АҚШ елшісі Мәскеуге алдаға аптада қайтпақ.

Вашингтон мен Мәскеу қарым-қатынасы “Қырғи-қабақ соғыстан” бергі ең бір шиелініскен тұста тұр. Елшілер орнына оралғанымен, дипмиссия жұмысын шектейтін шаралар әлі өз күшінде. Олардың арасында Ресейдің АҚШ-ты “дос емес елдер” тізіміне кіргізуі де бар. Женевадағы кездесуде екі президент стратегиялық тұрақтылық пен киберқауіпсіздік жөнінде диалог бастауға келісті, бірақ оның іс жүзінде қандай болатыны әлі белгісіз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз