25 маусым күні Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирусқа қарсы “Спутник V” вакцинасының алғашқы компонентін ектірді. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
“Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды фармацевтика зауытында өндірілген “Спутник V” вакцинасының бірінші компонентін алды. Вакцинациядан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауға және белсенді түрде вакцина алуға шақырды.” – деп өзінің Twitter парақшасында Айдос Үкібай хабарлады.
Нурсултан Назарбаев получил первый компонент вакцины «Спутник V», произведённой на Карагандинском фармацевтическом заводе. После вакцинации Елбасы обратился к казахстанцам с призывом соблюдать меры санитарно-эпидемиологической безопасности и активно вакцинироваться. pic.twitter.com/kfXHwi3ABl
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) June 25, 2021
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны 2021 жылдың 1 ақпанында басталған. Сол уақыттан бері 3 миллионға жуық адам вакцинаның кемінде алғашқы дозасын алған. 2 миллионға жуық адамға екінші дозасы егілген.
Азаматтарға ресейлік “Спутник V”, қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm компаниясының БАӘ-де өндірілген вакцинасы және қытайлық екпенің тағы бір түрі – CoronaVac вакцинасы егіліп жатыр.