Қазгидромет дауылды ескерту жариялады

0
217

25 және 26 маусым күндері Қазақстанның кей аймақтарында найзағай ойнап, тұман түссе, кей аймақтарда ауа райының қатты ысуынан өрт қауіпі туындайды. Бұл туралы Қазгидромет баспасөз қызметі хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Ал, Петропавл қаласында 26 маусым түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысында күн бұзылып, кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с дейін жетеді. Ал кей жерлерінде ауа райының қолайсыздығынан өте жоғары өрт кауіпі сақталады.

Қостанай облысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Кей жерлерде өрт қауіптілігінің төтенше деңгейі күтіледі.

26 маусымда күндіз Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ал, Түркістан облысында 26-28 маусым аралығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысына келер болсақ, кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Одан бөлек кей жерлерде 38 градус қатты ыстық болып, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ал, Ақтобе қаласында күндіз найзағай болып, солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады. Найзағай кезінде екпіні 15 м/с күтіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз