Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

0
655
Үкімет ғимараты.

10 шілде күні сағат 11:00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

“Жиында еліміздің биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады. Сондай-ақ мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді”, – делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз