БҰҰ Бас ассамблеясы Қырым туралы жаңартылған қарарды бекітті

0
104

БҰҰ Бас ассамблеясы Қырымдағы адам құқықтары саласында жаңартылған қаулыны қабылдағанын Украйнаның БҰҰ-дағы миссиясы Твиттерде жариялады, деп хабарлайды Ca news.

Жаңадан қабылданған қаулыда адам құқықтарының бұзылуын және Қырымда «Ресей Федерацаясы үкіметінің заңсыз құрылуын» айыптайды. Ресейде бұл құжат Қырымды аннексиялау емес «оккупацияланған держава» деп аталады.

Құжатта Ресейдің Қырым тұрғындарына қарсы көрсеткен барлық құқық бұзушылықтар мен адам құқықтарының тапталуын тоқтатуға шақырады.

Сондай-ақ, құжатта Ресейден Халықаралық азаматтық соттың Украйна азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруін, Қырым татарларының мәжілісін экстремистік ұйым ретінде тану туралы шешімін алып тастау және Қырымға БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі бақылаушы миссиясына кіруін қамтамасыз ету туралы уақытша шешім қабылдауды талап етеді.

Украйнаныі сыртқы істер министрі Павел Климкин бұл процесті «ең күрделі мәселелерді» қабылдау процесі және «Ресейге көрсетілетін қысым күшейе түсті» деп айтып, өзін қолдағандарға алғыс білдірді.

Еске сала кетейік, қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейді Қырымдағы адам құқықтарын және халықаралық құқықтарды бұзды деп айыптап, «Украина аумағының бір бөлігі  – Қырым Автономиялық Республикасы мен Севастополь қаласын Ресейдің уақытша окупациялауын» мойындайтын қарар қабылдаған болатын.

Аталған құжат 30 мемлекеттің бірлесуімен ұсынылып, нәтижесінде әлемнің 70 мемлекетінің делегаттары дауыс беріп 26 мемлекет қарсы болды. сондай-ақ, 76 мемлекет қалыс қалған болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз