Қазақстанда тағы 5317 адам коронавирус жұқтырды

0
176
Жедел жәрдем көліктері.

18 шілде күні Қазақстанда 5317 адамнан коронавирус анықталды. Екі күн бұрын 26 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазір елде вирус өршіп тұр. Қазір “жасыл аймақта” бірде-бір облыс не қала қалмады. Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облысы ғана “сары аймақта”. Қалғаны – “қызыл аймақта”.

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда 1367 адамнан коронавирус анықталды. Алматыда – 798, Қарағанды облысында – 689, Атырау облысында – 293, Шымкентте – 470, Батыс Қазақстан облысында – 204, Ақмола облысында – 178, Маңғыстау облысында – 203, Павлодар облысында – 170, Ақтөбе облысында – 159, Алматы облысында – 126, Қостанай облысында – 126, Қызылорда облысында – 127, Маңғыстау облысында – 203, Павлодар облысында – 170, Түркістан облысында 176 науқас тіркелді. Қалған облыстарда анықталған науқастар жүзге жетпейді: Солтүстік Қазақстан облысында – 91, Шығыс Қазақстан облысында – 87, Жамбыл облысында 53 науқас анықталды.

14 шілдеден бері күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркеліп келеді. Індет басталғалы ауруға шалдыққандар 494 222-ге жетіп отыр. Бұл вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталғандар ғана. Бұдан бөлек ПТР тесті теріс нәтиже көрсетіп, бірақ ауру белгілері коронавирустыкіне ұқсайтын пневмония есебі бар. Үкімет бұл есепті былтыр 1 тамызда бастаған. Содан бері пневмонияның бұл түріне 58 мыңнан астам адам шалдыққан.

Былтыр наурыз айынан бері коронавирус тесті оң шыққандар арасында 4997 адам қайтыс болған. 17 шілдеде коронавирус 41 адамның өліміне себеп болды. 7 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз