Нұр-Сұлтанда инфекциялық ауруханалардың 72 пайызы бос емес

0
154

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар көбейгендіктен күндізгі стационарлардың жұмысы мен ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу тоқтатылды. Бұл туралы 22 шілдеде Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тимур Мұратов хабарлады.

Мұратовтың сөзінше, қазір коронавирус жұқтырғандарды емдейтін ауруханаларда орындардың 72 пайызы бос емес.

“Ауру өсімі артқандықтан қалалық ауруханаларды қайта бейімдеуге тура келіп отыр, әзірге күндізгі стационарларлардың жұмысы мен жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуды тоқтаттық. Осылайша өзге медициналық клиникаларға да салмақ түсіп отыр. Біз орын санын көбейтуге, қолда бар ресурстың барлығын қолдануға мәжбүрміз” деді Мұратов.

ҚДСББ мәліметінше, қазір қаладағы 16 стационарда барлығы 3562 орын бар. Онда 2500-ден астам науқас емделіп жатыр. 286 адам коронавирус пневмониясынан айығуға тырысып жатыр.

Індет жұқтырғандардың 230-ы реанимация бөлімінде: 70-інің жағдайы ауыр, 47-і жасанды тыныс аппаратына қосылған. Соңғы мәлімет бойынша, инфекциялық стационарда – 1006, реанимация бөлімдерінде 62 орын ғана қалған.

Басқарма мамандарының ақпаратына қарағанда, күн сайын астанада орташа есеппен 10-15 адам коронавирустан қайтыс болып жатыр.

Өткен тәулікте жедел жәрдем қызметіне 4 мыңнан астам адам жүгінген. 333-ы ауруханаға жатқызылған. 10 мыңнан астам адам амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр.

Бір күн бұрын Нұр-Сұлтанда 1369 адамның коронавирус тесті оң шыққан еді. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Індет басталғалы бері астанада жақында ғана алғаш рет бір күнде анықталатын науқастар мыңнан асты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз