29 шілдеде Қазақстанда 7778 адамнан коронавирус табылды. 304 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 80 адам – коронавирустан, 21 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 30 шілде күні хабарлады.
Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан (1555) қаласында және Алматы (1680) қаласында тіркелген. Одан кейін Қарағанды (931), Атырау (422), Ақтөбе (302) облыстары және Шымкент (452) қаласы тұр. Қалған облыстарда бір күнде анықталған науқастар үш жүзге жетпейді.
Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 564 885 адамға жеткен.
Денсаулық сақтау министрлігі өткен жылдың 1 тамызына дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептеді. 1 жылға жуық уақыт ішінде 60584 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 3697 адам қайтыс болған. 54440 адам жазылған.
Қазір коронавирустан 93 580 адам (оның ішінде 2447 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 1639 адамның жағдайы ауыр, 345 науқастың жағдайы өте ауыр. 180 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.