Олимпиада жүлдегерлері Игорь мен Зүлфияға көлік сыйға тартылады

0
229
photo: inform.kz / Токио олимпиадасының жүлдегерлері Зүлфия Чиншанло және Игорь Сон

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Токио олимпиадасының қола жүлдегерлері Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанлоны Toyota Camry жаңа көліктерімен марапаттайды. Бұл туралы ААФ баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа автокөліктердің кілтін иелеріне Ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков Нұр-Сұлтан қаласында жақын арада табыстайды. Бұдан бөлек спортшылардың жаттықтырушыларына ақшалай сыйақы беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Токио олимпиада ойындарында Игорь Сон 61 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленсе, Зүлфия Чиншанло 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.

Оқи отырыңыз – Токио Олимпиадасы: Қазақстан қоржынында әзірге екі қола

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз