Қазақстандық футбол клубтары конференция лигасында қарсыластарынан басым түсті

0
130
Фото - УЕФА©

Қазақстандық “Шахтер”, “Тобыл” және “Астана” футбол клубтары конференция лигасындағы қарсыластарынан жалпы голдар есебі бойынша басым түсіп, үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды.

 

“Шахтер” (2-2) “Стяуа”

Конференция лигасының екінші кезеңінде румыниялық “Стяуа” клубына қарсы ойнаған қарағандылық “Шахтер” клубы алғашқы ойында 1:0 есебімен Бухарест қаласында жеңіліс тапты. Екінші матчты “Шахтер” командасы әдеттегіше өз алаңында өткізу керек болған. Алайда, қарсылас команда Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға шағымданып, УЕФА (UEFA – Union of European Football Associations) матчты бейтарап алаңға көшірді. Жауапты кездесу Ереван қаласында өтіп, ойынның негізгі уақытында 2:1 есебімен қарағандылықтар жалпы есепті теңестірді. Биыл бекітілген ережеге сәйкес сырт алаңда соғылған гол басымдылығы есептелмеуіне сәйкес экстра тайм ойнатылды. Осылайша, қарағандылықтар пенальти арқылы келесі кезеңге жолдама алды.

 

“Тобыл” (4-3) “Хайдук”

Сырт алаңда хорватиялық “Хайдук” клубынан 2:0 есебімен жеңіліс тапқан “Тобыл” клубы өз алаңында 11 минуттың ішінде 3 гол соғып камбэк жасады. Дегенмен 94 минутта 1 гол жіберіп алып, ойын экстра тайммен жалғасты. Уақыт пенальти сериясына жақындаған кезде 118 минутта Асхат Тағыберген есепті 4:1-ге жеткізді. Осылайша қостанайлықтар “Шахтер” клубынан кейінгі Конференция лигасының келесі кезеңіне жолдама алған екінші қазақстандық клуб болды.

 

“Арис” (2-3) “Астана”

Салоника қаласында грекиялық “Арис” командасына қарсы ойнаған “Астана” клубы негізгі уақытты 2:0 есебімен жеңіліспен аяқтады. Алайда, 86 минутта алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Матео Гарсия қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осылайша, қатарынан үшінші қазақстандық клуб конференция лигасының екінші кезеңінде экстра тайм ойнады. Ойын қарқыны бойынша қос команда іштей пенальти сериясын күтіп жүргендей болды. Алайда астаналықтар 121 минутта Энео Битридің баспен соққан голымен келесі кезеңге жолдама алды.

 

Конференция лигасының үшінші кезеңінде “Тобыл” словакиялық “Жилинамен” (5 және 12 тамыз), ” Шахтер” – украиналық “Колоспен” (6 және 10 тамыз), “Астана” – финляндиялық КуПС клубымен (5 және 12 тамыз) ойнайды.

“Тобыл” бірінші матчты өз алаңында өткізсе, “Шахтер” мен “Астана” алдағы раундты сырт алаңда бастайды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз